Құрылыс жүріп жатқан жердегі экологиялық бақылау – біздің қызметіміздің басты аспектілерінің бірі.

 

«Global Stroy Snab» компаниясы директорының кіріспе сөзі:

«Global Stroy Snab» компаниясы директорының кіріспе сөзі:

Компаниямыздың тарихы оның 2004 жылы құрылған сәтінен басталады. «ГлобалСтройСнаб» ЖШС Қазақстан нарығында осымен 8 жылдан астам уақыт бойы қызмет етуде. Осы уақыт ішінде компанияның қарқынды дамуы, заманға сай әзірлемелер мен технологияларды қолдануы кәсіпорнымыздың серпінді дамушы және сенімді компания деңгейіне жетіп және лайықты серіктес ретінде шығып отыруға мүмкіндік берді. 


Жұмыстардың барлығы тиісті оқудан өткен және үлкен жұмыс тәжірибесі бар жоғары білікті мамандармен жүргізілетіні туралы айта кету керек.

Жүргізіліп отырған жұмыстар экологиялық тұрғыдан қауіпсіз, ал қолданыстағы заманауи жабдықтар мен ең ілгері технологиялар компания қызметінің жоғары нәтижесіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Жобаларды тиімді басқару ісі келіп түскен тапсырысты жүзеге асыру жөніндегі барлық шаралар кешенін кәсіби түрде шеше алатын үйлестіруші құрылымдармен іске асырылады. 

 

Сонымен қатар, сапа менеджменті жүйелерін құру принциптерін шебер басқаруды атап кеткім келеді, бұл компаниямыздың қызметінің тұрақты түрде жақсаруына және оның бәсекеге қабілеттілігінің артуына ықпал етеді.  Осылайша, біз серіктестерімізге кәсіпорынның орындалып отырған жұмыстарды басқару саласындағы жұмысының тиімділігіне кепілдік бере аламыз.

 

Біз процестердің тиімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етеміз, сол арқылы сенімді бизнес-серіктес деген атағымызды сақтап отырамыз. Бұл алдымызға қойылған міндеттерді сапалы және оңтайлы-тиімді шешудің шартсыз түрдегі кепілдігі болып табылады!

 

Біз бизнестегі ұзақмерзімді және сенімді серіктестікті жақтаушымыз!
 

Біз келісімшартта көрсетілген мерзімді әрдайым ұстанып отырамыз – бірде-бір секунд кешіктірмейміз!

Техникалық құжаттамадағы барлық МЕМСТ-терді барынша аз қаржылық шығын жұмсай отырып ұстану.